03 қараша 2014 17:51

Шымкентте жарыс ұйымдастырған автобус жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Шымкентте өзара жарысамыз деп, адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Оңтүстік қазақсан облыстық ІІД баспасөз бөлімінің мамандары хабарлады.


Шымкентте өзара жарысамыз деп, адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Оңтүстік қазақсан облыстық ІІД баспасөз бөлімінің мамандары хабарлады.

Айта кетейік, бір қыздың өліміне әкеліп соққан автобустардың өзара жарысуы "Жоғарғы Отырар" аялдамасында болды. Тағы екі адам жарақат алды. Полиция өкілдерінің айтуынша, күдтікті - №93 Mercedes-Benz автобусының жүргізушісі. 

Алдымен аялдамадан қозғалған № 84 автобус Dongfeng маркалы № 19 автобусқа соғылған, ал оған № 93 автобус қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Соққыдан автобус жанында тұрған MAN маркалы автобусқа тиеді. Оқиға дерегіне байланысты "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Жарақат алып, қазіргі уақытта жан сақтау бөлімнен қарапайым палатаға көшірілген қыздың айтуынша, Mercedes-Benz автобусының жүргізушісі Dongfeng автобусына адамдар кіріп жатқан кезде соғылды. "Мен есімді білдім және естіп жаттым, жүргізуші тежегіштің істен шыққаны жайлы айтып жатқанын естідім. Қиылыстан өтіп бара жатқанын көрдім, тіке қарай ұшып келе жатты да №84 автобусқа соғысты, ал соғылған автобусқа адамдар отырып жатқан еді", - деді жарақат алған қыз. Айта кетейік, оның омыртқасына зиян келіп, алдағы уақытта ота жасататын болды.

Еске сала кетейік, куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апатына автобустардың өзара жарысуы себеп. Mercedes-Benz автобусының жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети