02 ақпан 2017 15:12

Шымкентте жарысқан автобус жүргізушісі куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Шымкентте өзге автобуспен жарысқан жолаушылар көлігінің жүргізушісі куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың полиция қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте өзге автобуспен жарысқан жолаушылар көлігінің жүргізушісі куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың полиция қызметіне сілтеме жасап.

28 жастағы жүргізуші енді бір жылдан кейін ғана көлік басқара алады: "Жүргізуші Рүстем Тілеуовке қатысты екі әкішілік хаттама толтырылды. Қарсы бағытқа шығып кеткені үшін ол бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді", - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Еске салайық, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбей қойған сәтте куәгерлердің көзіне түскен. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Видеода автобустар жарысып, алдағы автобус артта қалғанының шамына тиіп, жол бермейді. Ал видеоның соңғы жағында жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кеткені байқалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети