23 қазан 2017 11:01

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонаған күдікті Алматыда да қарақшылық жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонады деген күдікті 13 қазанда Алматыда 2016 жылдың 2 қыркүйегінде осындай қылмыс жасағанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонады деген күдікті 13 қазанда Алматыда 2016 жылдың 2 қыркүйегінде осындай қылмыс жасағанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банктегілер тонау кезінде келушілер мен банк қызметкерлерінің зардап шекпегенін айтты. Тоналған қаражаттың жартысы қайтарылған. 

"Ұсталған ер адам қылмысын мойындады. Полиция оның басқа қарақшылық шабуылдарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі бойынша күдікті мүлкі тәркілене отырып, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін", - деп хабарлады банк өкілдері.

"Қылмыс биыл 13 қазанда жасалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында осы қылмыстың мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп хабарлаған еді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Еске салайық, 13 қазанда шамамен 20:00-де белгісіз біреу Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне баса көктеп кірген. Банк қызметкерлері дереу дабыл шүртпесін іске қосқан. 

"Санаулы минуттар ішінде оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы келіп жеткен. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бөлімшеге бетперде киген белгісіз біреу кіріп келіп, еденге "жарылғыш затқа" ұқсайтын бірдемені тастап, түтін шыққанда балтамен қорқытып ақша беруді талап еткен. Белгісіз адам кассадан 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8500 рубль алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі "дабыл батырмасын" басып үлгерген, алайда күдікті қашып кеткен", - деді ІІД өкілдері.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети