15 наурыз 2017 16:51

Шымкентте мас жүргізушіні ұстау операциясы түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Желіге мас жүргізушіні ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Желіге мас жүргізушіні ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бір рөмкені ішкен соң көлікті басқаруды ойға да алмау қажет. Бұл барлығына қатысты ереже. Бірнеше грамм алкоголь ішімдік ішкен адамның көлік жүргізгенінен жазықсыз адамдар зардап шегуі немесе қаза болуы мүмкін", - дейді Данияр Мейірхан Facebook желісіндегі парақшасында. 

Ол Шымкент қаласының полицейлерінің екі ай ішінде 160 жүргізушіні мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартқанын айтты.  

"Көп жағдайда мас жүргізушілер ештеңе бола қоймас деп емін-еркін жүргізе береді. Ол дегеніміз жол қозғалысы ережесі жол апатынан зардап шеккен адамдардың қанымен жазылды емес пе?", - деді ол. 

Ол адамдар заң алдындағы жауапкершілікті ғана емес, өзінің ар-намыс жауапкершілігін ойлауы керектігін айтады. "Ішіп алып рөлге отырғысы келетін адамдардың жанында оған автомобильді жүргізуге рұқсат бермей, тоқтатып қалар, қателікке бой алдыруға жол бермес немесе полицияға хабарлап жағдайды түсіндіретін адамдар болады деп үміттенеміз. Осындай әрекеттер ғана жүргізушінің және оның алдында кезіккен адамдардыаман алып қалады. Әйтпегенде жол апатынан қаза болғандар тізімі көбейе береді", - деді Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети