30 қаңтар 2019 09:07

Шымкентте оқушыларды тонаған деген күдікпен студент қыздар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте полиция колледжде оқитын бірнеше студент қызды оқушыларды тонады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте полиция колледжде оқитын бірнеше студент қызды оқушыларды тонады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

№ 10 орта мектептің оқушы қыздары тоналған.  

"Сабақтан шыққан оқушыларымызға колледждің студент қыздары келіп, ұялы телефондарын тартып алған", - деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Бекболатова. 

Ата-аналардың бірі полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, "қызы үйіне айфонсыз келген, соққы жасалған және жылаған". Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, "студент қыздар оқушыларды тепкілеп, бетінен ұрған". Оқиғадан кейін мектепте тоғызыншы сынып оқушыларын шақырып, жиналыс өткізілген. 

"Полиция қызметкерлері 23 қаңтарда оқушы қыздарды тонады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер колледж студенттері болып шықты. Олар күш қолданып, оқушы қыздардың ұялы телефондарын тартып алған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети