23 сәуір 2018 16:48

Шымкентте темір-терсек қабылдау орнына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.


Шымкентте қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 8 сәуірде болған. Ведомство мәліметінше, Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не, қаладағы темір-терсек қабылдау орындарының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен Қаратау ПБ қызметкерлері екі адамның темір-терсек қабылдау орнына баса-көктеп кіргенін анықтады.

Сол уақытта темір қабылдаушы азаматты қарумен қорқытып, аяқ-қолын байлап тастаған. Содан кейін сөмкесіндегі ақшасын және екі ұялы телефонын қолды етіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Осы дерек бойынша арнайы жедел тергеу тобы дереу қылмысты ашуға кірісіп, барлық ақпараттар мен деректерді тексеріп, жан-жақты нұсқаларды қарастырды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің "Қарақшылық" бабымен тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети