17 қараша 2016 17:02

Шымкентте түнгі клубта кісі өлтірді деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте жас жігітті өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 қазанда қаланың түнгі клубтарының бірінде болған. 


Шымкентте жас жігітті өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 қазанда қаланың түнгі клубтарының бірінде болған. 

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олар қала орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған. 

"2016 жылы 16 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының орталығында жалдамалы бір пәтердің ішінен түнгі клубта жас жігіттің өліміне қатысты екі күдікті ұсталды, олар 1991 және 1996 жылғы жігіттер. 1993 жылғы тағы бір күдіктіні ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ведоствоның таратқан хабарламасында.

Еске салайық, 16 қазанда шамамен таңғы сағат 04.00-де Шымкент қалалық Еңбекшіқазақ ІІБ полиция бөлімшесіне облыстық клиникалық ауруханасының өкілдері хабарласып, шүйдесіне оқ тиген белгісіз адамның мәйіті жеткізілгенін мәлімдеген. Криминалдық полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның кім екенін анықтады. Ол 1993 жылғы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети