17 ақпан 2015 19:31

Шымкентте үш жасар жиенін өлтірген ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шымкентте үш жасар жиенін асқан қатыгездікпен өлтірген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған соттың өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте үш жасар жиенін асқан қатыгездікпен өлтірген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған соттың өкілдеріне сілтеме жасап.

Тергеудің мәліметінше, Евгений Бойко баланы өлтірместен бұрын оны бір күн бойы азаптаған. Ол баланы пышақтап, денесін үй маңында көміп тастайды. "Сот Евгений Александровичті "Кісі өлтіру" бабында қарастырылған қылмыспен айыпты деп танып, оны қатаң режимдегі колонияға мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілейді", - деді судья Самидин Темірәлиев. 

Қылмыс Шұбарсу ауылында болды. Евгений Бойко үш жастағы Максимді үйіне бірнеше күнге алып кеткен. Баланың туыстарының айтуынша, ол ағасын жақсы көрген. Бірінші күндері шешесі баламен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Бір күні тағы да хабарласқанда Бойко баланың көрші үйдің балаларымен ойнап жүргенін айтып, телефон тұтқасын бере алмайтынын айтады. Бұл сылтауды әйел бірнеше күн бойы естігеннен кейін Шұбарсуға жолға шығады. "Баланың шешесі Бойконың үйіне келіп, баланы сұрастыра бастағанда ол баланың бастапқыда достарының үйіне кеткенін, бірақ баланың шешесі Бойконы қабырғаға тақаған кезде ол баланы үш күн бұрын өлтіргенін және көміп тастағанын айтты", - деді отбасының танысы Анастасия Пасечная. 

Тергеудің мәліметінше, баланың денесінде көптеген жарақат болған. Психиатрия сараптамасына қарағанда, баланы өлтірген кезде Бойко мас болмаған. Туыстары Бойконың баланы неліктен өлтіргенін түсінбейтінін айтты. Олар Бойконың балаларды жақсы көргенін айтып отыр. Баланың әкесі болса сол түні Евгенийдің жалғыз болмағанын айтады. "Ол менің баламды жалғыз өлтірген жоқ. Оның жақтастары болды. Әділдікті қалаймын. Ол бар кінәні өзіне алып отыр, бірақ жалғыз емес. Оның шешесі: "Женя, неге бар кінәні өзіңе аласың?" деді. Ол күледі, бірақ өзі ес-түсін біледі, өзі өлтіргенін айтады. Бірақ ол өлтірген жоқ", - деді баланың әкесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети