06 желтоқсан 2017 13:06

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы тұрғынды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайтқа қатысы бар күдікті 21 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайтқа қатысы бар күдікті 21 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері оқуға түсуге көмектесемін деп оншақты жәбірленушіні алдаған ОҚО-ның тұрғынын ұстады. Алаяқ өзінің құрбандарына Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне грантқа ауыстырып беруге көмектесетінін айтып, ақша сұраған.

2017 жылдың қарашасында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не 19 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз жас жігіт оқу орындарының біріне грантқа ауыстырып беруге уәде еткенін, 350 мың тенгесін алып ізін суытқаны туралы арызданған.

Аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не СДБТР-не тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190 ("Алаяқтық") бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция бөліміне осыған ұқсас алаяқтық жайты бойынша облыс орталығының оншақты тұрғындары арызданған.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1996 ж.т. Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 40 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталған. Күдікті ер азамат грантқа ауыстырып беруге көмек көрсететінін айтып, жәбірленушілерінен ақшаны алып, белгісіз бағытта жасырынып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 миллион теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда, аталған жайттар бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған немесе куә болған азаматтарды Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-не немесе "102" нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.
Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Егер де Сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада "102" полицияға хабар беріңіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети