04 қыркүйек 2018 15:54

СҚО-да аудан әкімі пара алғанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі пара алғанын мойындады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі пара алғанын мойындады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 қыркүйекте СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларының барысында СҚО Мамлют ауданы әкімі Жастілек Сыздықовты парамен ұстады.

"Әкім ЖШС директорынан жалпы қорғаншылық көрсеткені үшін 185 мың ресейлік рубль (1 миллион теңге) сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Кінәсін толықтай мойындалған оған қатысты ұстау шарасы қолданылмаған", - делінген хабарламада.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин баспасөз мәслихатында әкімнің жұмыс кабинетінде ұсталғанын хабарлады.

Жақсылық Сыздықов Мамлют ауданы әкімі қызметіне 2018 жылдың 25 қаңтарында келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети