СҚО қаржы полициясы басшысының орынбасарын өлтіргендерге үкім шығарылды

17 Қазан 2014, 15:50
0
СҚО қаржы полициясы басшысының орынбасарын өлтіргендерге үкім шығарылды - Жандос Ахметов. ©azh.kz
Жандос Ахметов. ©azh.kz

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы бастығының міндетін атқарушы Жандос Ахметовті өлтіргендер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, тергеудің мәліметінше, жоспар бойынша киллер СҚО қаржы полициясын басқарған Нұрлан Шабдарды өлтіруді көздеген болатын, бірақ қателесіп, Ахметовті атып кетті.

Істің барлық материалын зерттеген судья үкімді оқыды: Абулэдир Жамалиевке мүлкін тәркілеумен бірге 24 жылға бас бостандығынан айыру, Павел Ковалевке мүлкін тәркілеумен бірге 22 жылға бас бостандығынан айыру, ал Бинали Хукиевке бес жылға бас бостандығынан айыру және 926 мың теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарылды. Еске сала кетейік, СҚО қаржы полициясы басшысы орынбасарының өлімі туралы іс бойынша сот отырысы тамыздың соңында басталған еді. Сотталушылар - Ресей азаматтары Жамалиев пен Ковалев және алматылық Бинали Хукиев. Айыптау өкілінің мәліметінше, қылмыс жасағандар өз жұмысы үшін 100 мың доллар алған. 

Тергеудің мәліметінше, Жамалиев киллер ретінде өзінің жерлесі Ковалевті жалдаған. Ал Хукиев Петропавлда пәтер жалдап, қаскөйлерді машинамен және ұрыс тапаншасы ретінде өзгертілген травматикалық қарумен қамтамасыз еткен. Сотталушылар тергеу және сотқа дейінгі өндіріс мәселелерін басқарған Ахметовтің соңына түседі. СҚО қаржы полициясы басшысының міндетін атқарушы 2013 жылдың 24 желтоқсанында өлтірілді. Өз үйінің подъезінде 41 жастағы қаржы полицейіне алты рет оқ атылған. 

Тергеу барысында Жамалиев шындығында еңбек демалысында жүрген Нұрлан Шабдарды өлтіруі керек болғанын айтты. Оның айтуынша, тапсырыс 2007 жылы Алматы облысының Маловодное ауылындағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен туыстары бар мәскеулік азаматтан түскен. Сотта куәгер ретінде жауап берген Шабдар Маловодное ауылындағы оқиғаларға еш қатысы жоқ екенін және бұл іспен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері айналысқанын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай