12 ақпан 2015 17:40

Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімінің өліміне күдікті адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©radiocacula.com ©radiocacula.com

Солтүстік Қазақстан облысы Тахтаброд ауылы әкімінің өліміне күдікті адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Топшылау бойынша әкім 6 ақпанға қараған түні кісі қолынан өлген. 


Солтүстік Қазақстан облысы Тахтаброд ауылы әкімінің өліміне күдікті адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Топшылау бойынша әкім 6 ақпанға қараған түні кісі қолынан өлген. 

Ауыл әкімі Қайрат Ғалымжанов мәйітінің табылу дерегі бойынша полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әкімнің өліміне күдікті ретінде ұсталған 1951 жылы туған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр, бірнеше сараптама тағайындалды. 

Тахтаброд ауылы әкімдігінің өкілдері Қайрат Ғалымжановтың жаназасы бүгін, 12 ақпан күні Көкшетауда шығарылғанын хабарлады. Қазір оның міндетін Әсел Қасымова уақытша атқарып жатыр. Айта кетейік, Ғалымжанов 2014 жылдың қараша айында әкім болып тағайындалған. 

Бұған дейін мұндай оқиға Екібастұзда болған еді. 2008 жылдың мамыр айында қаладағы "Асыл" базары маңында өзінің Toyota Land Cruiser автокөлігіне отырғалы жатқанда Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевты белгісіз біреулер атып кетті. Оқиға орнынан жеті гильза табылды. Тергеу барысында қаланың экс-әкімінің өліміне күдікті ретінде төрт адам - Серік Мұқантаев, Әлихан Исин, Ернар Бижұменов және облысқа белгілі кәсіпкер Бауыржан Мұқантаев ұсталды.  

Екібастұз қаласы экс-әкімінің өлімі үшін Серік Мұқантаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол "Базарские" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі болған, полицейлер бірнеше жыл бойы оның соңына түскен. 2013 жылдың сәуір айында Мұқантаев Алматыда ұсталып, Павлодарға жөнелтілді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети