20 желтоқсан 2016 11:41

Сот Бақытбек Есентаевтың шағымын қарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сотының судьялар алқасы Бақытбек Есентаевтың аппеляциялық шағымына қатысты шешімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сотының судьялар алқасы Бақытбек Есентаевтың аппеляциялық шағымына қатысты шешімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судьялар алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов пікір беруден бас тартты. 

Айта кетейік, 3 қарашада белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйлеген болатын. Осыдан кейін сот үкімін шығарды. Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген еді. "Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (...) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз", - деген еді Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети