Сот қаулысын күні бұрын шығарған судья жеңіл жазамен құтылды

18 Қыркүйек 2014, 17:28
0
Сот қаулысын күні бұрын шығарған судья жеңіл жазамен құтылды - ©rg.ru
©rg.ru

Қаралмаған іске қатысты шешім шығарған Қарағанды облыстық сотының судьясына қоғамдық жазғыру жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Судья Игорь Пугаевтың әрекетінен облыстық сот дау-дамайдың ортасында қалған болатын.

Іс жүзінде мүлдем қаралмаған азаматтық іс бойынша қаулы жасақтаған судья Игорь Пугаевқа қоғамдық айыптау жарияланды. "Судьялар одағы Қарағанды филиалының судьялар этикасы жөніндегі комиссиясының қаулысымен облыстық сот судьясы Игорь Пугаевқа қоғамдық жазғыру шығарылды", - делінген облыстық соттың баспасөз парағында.

Қоғамдық жазғыру - тәртіптік жазаның анағұрлым жұмсақ шарасы. Мұндайда қызметте ешқандай шектеулер қарастырылмайды. Қоғамдық жазғыруға ұшыраған адам мемлекет атынан көпшілік алдында айыптау естиді. Еске сала кетейік, Жоғарғы соттың сайтындағы электронды анықтамалықта Қарағанды облыстық соты судьясының электронды қолы қойылған рәсімделген шешім жарияланған болатын. Оны азаматтық іс бойынша жауапкер Леонид Стрельцов байқап қалды.

"Мен алғашқы сот инстанциясы - Абай аудандық сотында өткен сот отырыстары хаттамасын көшіріп алу үшін Жоғарғы соттың сайтындағы істер анықтамалығына кірдім. Сонда ертеңгі күн көрсетілген дайын шешімді көріп таңғалдым. Сот процесі әлі болған жоқ, судья Игорь Пугаев мені көрген жоқ, дәйектерімді тыңдаған жоқ, бірақ мен соттасып жатқан мемлекеттік қызметкердің пайдасына шешім шығарып қойыпты", - деп хабарлаған еді Стрельцов. Бұл жанжалдан соң судья өзіне-өзі қарсылық келтірді. Бұл іс бойынша материалдар басқа судьяға берілді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай