12 қазан 2016 13:51

Степногорск қаласында түрме белсенділері жазасын өтеушіні өлімші етіп сабаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© VistaNews.ru © VistaNews.ru

Степногорск қаласында түрмеге жаңадан келген жігітті өлімші етіп ұрып-соққан түрме белсенділері сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық сотындағылар хабарлады.


Степногорск қаласында түрмеге жаңадан келген жігітті өлімші етіп ұрып-соққан түрме белсенділері сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық сотындағылар хабарлады.

Cоттағылардың мәліметінше, түрмеде жазасын өтеп жатқан үш ер адам болған. Олар түрменің белсенділері ретінде саналған. "Түрме белсенділері жаңадан келген сотталған жігітке кімнің немен айналысатынын, кімнің қандай міндеттерді орындауы тиіс екенін түсіндірген. Сондай-ақ, олар жаңадан келген жазасын өтеушіге солардың тобына кіру қажет екенін айтқан. Алайда ер адамдардың айтқандарын тыңдамаған жігіт соққыға жығылып, алған жарақаттарынан қайтыс болған", - деп хабарлады соттағылар.

Нәтижесінде мекемедегі 4 қызметкер мен үш жазасын өтеуші сотталды. Сот колонияның төрт қызметкерін төрт жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын шартты түрде өтеу туралы, ал тағы бір қызметкерді екі жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, олар арнайы атақтары мен қызметтерінен босатылды.

"Жаңадан келген жазасын өтеушіні ұрып соққандардың қылмысы қауіпті деп танылды. Қайтыс болған жігіттің туыстары адвокат жалдады. Сондай-ақ, сот зардап шеккен тарапқа 2 миллион теңгені өндіріп алу туралы шешім шығарды", - деді соттағылар.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тағылған айыптарды тек мекеменің қызметкерлері мойындап отыр. Қызметкерлердің айтуынша, олар түнгі уақыт болғандықтан мекемедегі тәртіпті сақтай алмаған. Ал түрмеде жазасын өтеп, қайтыс болған жігітті ұрып-соққан ер адамдар кінәсін мойындамай отыр. Сондықтан да соттың шешіміне шағым түсірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети