Студенттер бопсалаушылардан қорғанды - AlmaU ректоры төбелес жайлы

20 Қазан 2017, 15:00
0
Студенттер бопсалаушылардан қорғанды - AlmaU ректоры төбелес жайлы -

Almaty Management University ректоры Гүлмира Құрғанбаева жоғары оқу орнының автотұрағында болған төбелеске байланысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, төбелес AlmaU университетінің студенттері арасында болмаған, шабуыл жасағандар басқа жақтан келген.  

"Almaty Management University әкімшілігі 2017 жылы 16 қазанда шамамен 13:00-де университет автотұрағында болған төбелеске қатысты қызметтік тексеріс жүргізген, - деді Гүлмира Құрғанбаева. - Тергеу нәтижесінде, белгісіз біреулер (шамамен бес адам) Almaty Management University төртінші курс студенттерін резеңке таяқпен қорқытып, бопсалаған. Оқиға салдарынан студенттер зардап шеккен жоқ. Студенттердің тарапынан арыз түскен жоқ. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелген". 

Гүлмира Құрғанбаева осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін барлық студентпен жиналыс өткізілгенін айтты: "Студенттер профилактикалық жұмыстарды студенттік кеңес арқылы қамтамасыз етуді ұсынды. Жиналыста студенттер арасынан ішкі саясат министрі тағайындалды, ол осындай мәселелерді мәмілеге келу арқылы шешіп отырады".  

Еске салайық, Алматы полициясы Alma University ЖОО-ның автотұрағында студенттер арасында болған төбелесті тергеп жатыр. 

"Дүйсенбіде, 16 қазанда, шамамен таңғы 10:00-де автотұрақта үшінші және бірінші курс студенттері арасында жанжал шыққан. Оқиға орнына "Буран" экипажы барды. Төбелеске қатысқандардан арыз түскен жоқ. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркелген. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметі. Полиция мәліметінше, студенттердің жазған түсініктемесінде олардың арасында жанжал шыққаны жазылған. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Олардың тек денесі сырылған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай