07 наурыз 2014 13:34

Студенттер үшін шәкіртақы алып келген директор ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Колледжде оқымайтын студенттердің орнына шәкіртақы алып келген директор ұсталды. Петропавлдағы құрылыс колледжінің басшысы қарт күзетшіден бастап бірнеше адамды студент ретінде тіркеп, стипендиясын қалтасына басып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде кейбір адамдар тіпті өздерінің колледжде "оқитынын" да білмейтіні анықталды. Прокуратура жүргізген тексеріс барысында Петропавлдағы құрылыс колледжінде бұдан басқа да былықтың беті ашылды. Оқу орнының басшысы Жеңіс Бабжанов бір жылда оқытылмаған сабақ үшін 500 мың теңге жалақы алып келгені де белгілі болды. Және мемлекет бөлген оқу гранттарын иесіз қалдырмас үшін қарамағында жұмыс істейтін жасы алпыстан асқан қарауылды, сондай-ақ банкте, аудан мектептерде жұмыс істейтін таныстарын студенттер қатарына қосып, шәкіртақыны өз қалтасына басып келген. Мемлекетке келтірілген шығын 1,5 миллион теңгені құраған. "Директордың үстінен Қылмыстық кодекстің 176 бабы 3 тармағы бойынша іс қозғалды", - деді Петропавл қаласының прокуроры Қонысбек Ыбыраев. Аты бар да, заты жоқ студенттер Тайынша ауданындағы агробизнес колледжінде де бар екені анықталған. Онда басшылар мемлекетке 1 миллион 200 мың теңге көлемінде шығын келтіріпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети