31 қазан 2017 15:17

Судьяның 20 миллион теңгесін жымқырған ұрының басқа да қылмысқа қатысы бар - Алматы облыстық ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kmv.gorodskoitelegraf.ru © kmv.gorodskoitelegraf.ru

Алматы облысының полицейлері аудандық сот судьясының үйінен әшекей бұйымдар мен 20 миллион теңгесін ұрлап кеткен ұрының басқа да қылмыстарға қатысы барын дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысының полицейлері аудандық сот судьясының үйінен әшекей бұйымдар мен 20 миллион теңгесін ұрлап кеткен ұрының басқа да қылмыстарға қатысы барын дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы қылмыста Көксу ауданының 30 жастағы тұрғыны күдікті. Оның Қаратал ауданы аумағында өткен жылы тіркелген басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталды", - деді Алматы облыстық ІІД өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына. 

Қаратал аудандық соты судьясының үйі тоналуына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонау" бабы бойынша жүріп жатыр. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 10 қарашаға дейін қамауға алынды. 

Еске салайық, 14 тамызда полиция аудандық судьяның үйін тонап кеткен Алматы облысының тұрғынын ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеде Қаратал ауданының полицейлері аудандық судьяның Сарыбұлақ ауылында орналасқан үйінен ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрлағаны туралы хабарлама келген. Шығынның жалпы көлемі - 19 343 000 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети