22 қаңтар 2020 09:03

Сүйіктісінің ұлын айуандықпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Видео кадры Видео кадры

Қазақстанда балаға жасалған қастандық үшін тұңғыш рет өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қазақстанда балаға жасалған қастандық үшін тұңғыш рет өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, алқа билер соты Қарағанды облысының Бұрма ауылында 3 жасар баланы қатыгездікпен өлтірген 24 жастағы Игентай Сопыжановты өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Отырысқа төрағалық еткен судья Исламхан Есенбаев та осы шешімді қолдаған. Сот отырысында ол қылмыстың бүге-шігесіне дейін оқып шықты. Игентай Сопыжанов сүйіктісінің 3 жасар баласын былтыр бесінші қыркүйекте Бұрма ауылдағы дүкеннің алдында тартып әкеткен. Сөйтіп алдымен бұзылған үйде ұстап, кейін шеттегі орманға апарып, азаптап өлтіріпті. Баланың денесін ауылдықтар мен 600-ден аса ерікті, полицейлер бірлесіп, 3 күн бойы іздеп әрең тапқан. Ал Игентаев қашқалы тұрған жерінен вокзалда ұсталған.

"Игентай Сопыжанов оң аяғымен кеудесінен тепкен. Баланың қабырғасы сынып, өкпесі зақымданған. Сопыжанов одан кейін кеудесіне мініп алып тұншықтырған. Кейін басын таспен ұрған. Миына қан құйылып жарақаттанған бала сол жерде қайтыс болған. Сот Сопыжановты кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айырады. Жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Сонымен бірге жапа шегуші Ника Васильеваға 5 млн теңге морольдық шығын өтейді", - деді қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев.

Ал қайтыс болған Максим Гарифуллиннің анасы Ника Васильеваның айтуынша, болған жағдайға өзін кінәлайді. Оның сөзінше, Игентай Сопыжанов осыдан 4 жыл бұрын әйелдің туған тәтесін қарым-қатынастарына бөгет болғаны үшін өлтірген. Алайда 9 жылға сотталып мерзімінен бұрын босап келген соң Васильеваны еш кінәсі жоқ екеніне сендірген. Жарты жылдан соң әйел суи бастаған соң ұрып-соққан, тіпті алып қашқан. Ал бейкүнә бүлдіршінге қастандық жасауына сүйіктісінің полицияға жазған арызы себеп болған. Сопыжанов әйелден арызды қайтарып алуды талап еткен екен.

"Мен оған сеніп қалғаным үшін кінәлімін. Өмір бойғы жазаға кескені дұрыс болды. Ату жазасын сұрар едік, алайда бұл ол үшін тым жеңіл. Анам екеуміз жеңіл өлімнен гөрі азаптанып, жұмыс істеп қиындық көргенін қалаймыз. Тегін тамақ ішіп, ұйықтап жатпасын. Сол үшін морольдық өтемақы сұрадық", - дейді баланың анасы Ника Васильева.

Телеарна мәліметінше, Игентай Сопыжанов сотта өз кінәсін бірде мойындаса, біресе жоққа шығарып мың құбылған. Сот залында екі рет өзіне қол салуға әркет жасаған. Алайда кейін тамағын тырнағымен ғана жарақаттағаны анықталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети