26 желтоқсан 2019 13:49

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісінде судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс болды. Бұл Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының судьялары. Алты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Барлық алты іс бойынша үкім шығарылып, судьяларға әр түрлі жаза тағайындалды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Журналистер сотталушы судьяларға қатысты шығарылған шешімдер қайта қаралуы мүмкін бе деп сұрады. 

"Егер судья сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталса немесе нақты әкімшілік, азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа күдік бойынша сотталып, судьяның шешімі заңсыз болып табылғаны анықталса, онда ҚР Қылмыстық кодекстің 418-бабы ("Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару") бойынша қылмыстық іс қозғалады, қайта қарау аясында шешімнің күшін жойылады және қайтадан қаралады", - деп түсіндірді Данияр Биғайдаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети