06 ақпан 2017 18:15

Сыныптасының әкесін 20 мың теңге үшін өлтірген қызылордалық тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада ер адам 20 мың теңге үшін такси жүргізушісін өлтірген. Күдікті өз кінәсін ішінара мойындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада ер адам 20 мың теңге үшін такси жүргізушісін өлтірген. Күдікті өз кінәсін ішінара мойындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қаңтарға қараған түні 53 жастағы Серікбай Әметов такси қызметіндегі түнгі ауысымға шыққан. 01.40-та оған оператордан тапсырыс түскен. Ер адам клиентті алып кетіп, сол күйде үйіне оралмаған.

Ал бір тәулік өткенде ер адамның мәйіті табылған. "29 қаңтарда, жексенбіде білдік. Әкем өз көлігінде өлі табылды. Басына екі рет оқ атылған. Ал көлігін өртеп кеткен", - деді марқұмның қызы Әсел Әметова.

Келесі күні таңғы уақытта күдікті ұсталған. Ол 1992 жылғы қызылордалық болып шықты. Сөйтсек, ол Әселдің сыныптасы екен.

Марқұмның қызының айтуынша, ұсталған жігіт бастапқыда өз кінәсін мойындаған, тіпті ісіне өкінген. Алайда кейін өз сөзінен бас тартқан. "Ұсталған күдікті өз кінәсін ішінара мойындап отыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайы айтылмайды. Қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қызылорда қалалық ІІБ өкілдері.

Әсел Әметованың айтуынша, кісі өлтіруге ақша себеп болған. "Ол такси шақырғанда операторды 20 мың теңгеге майда ақша табылатын адамның келуін сұраған. Әкемнің қалтасында ақша болып, осы шақыртуға шығып кеткен. Ал өлігі табылғанда ақшасы болмай шыққан. Біз қазір күдіктінің қаржылай қиындықтары болғанын біліп отырмыз. Оған дейін ол бір такси жүргізушісін шақыртқан. Кейін оны алдап кеткен, себебі қалтасында ақшасы болмаған. Ол бастапқыда әкемді өлтіріп, кейін артқы орындығына салып, қалада көлікпен жүрген. Қазір ол жеке адвокат жалдапты және тапаншаны менің әкемдікі дейді, айтуынша, менің әкем оны өлтірмек болған, сөйтіп, әкем, оның айтуынша, өз-өзіне екі рет оқ атып алыпты", - дейді марқұмның қызы.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Күдіктінің оқиға кезінде есін білгені және мас болмағаны белгілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети