29 маусым 2016 12:45

Талдықорғанда 70 жастағы зейнеткер зорланғанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chto-proishodit.ru © chto-proishodit.ru

Талдықорған тұрғыны егде жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорған тұрғыны егде жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 маусымда кешкі уақытта полицияға 70 жастағы әйел оның пәтеріне белгісіз біреудің кіріп, оны қорлағаны туралы хабарлаған. "Қалалық полицияның жедел қызметкерлері тексеріс барысында 46 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстады. Өзін ақтау мақсатында күдікті мас болғандықтан есінде еш нәрсе қалмағанын айтып түсіндірді", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Талдықорғанның полицейлері осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Айта кетейік, жәбірленуші әйел қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған күдіктіні таныды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети