31 желтоқсан 2017 11:43

Талдықорғанда құрдасын атып өлтірген студент ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында полицейлер талдықорғандық ЖОО студентін ұстады, ол 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ұсталған адам шолақ мылтықтан атқан.

Алматы облыстық ІІД мамандарының айтуынша, жігіттердің арасындағы оқиға 30 желтоқсан күні кешке Самал ықшамауданында болған, оқ тиген 20 жастағы жігіттің денесі сол жерден табылды.

"Кісі өлтірді деген күдікпен Талдықорғандағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті ұсталды, ол қазір ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес Талдықорған ІІБ уақытша ұстау изоляторында. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімінде қарастырылған "Кісі өлтіру" бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдарына заттай айғақ ретінде 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтық алынды", - делінген Алматы облыстық ІІД хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети