Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Талдықорғанда қызық іздеген қыздар дүкенге қарулы шабуыл жасады

28 Наурыз 2016, 11:57
0
© Сrimyakutia.ru
© Сrimyakutia.ru

Талдықорғанда дүкенге қарулы шабуыл жасады деген күдікпен екі қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 27 наурызға қараған түні Талдықорғанның шеткі жағында орналасқан Үйтас ықшамауданында болған. "Осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 және 17 жастағы екі қыз ұсталды. Екеуі де жақсы отбасыдан шыққан. Олар бізге берген түсінігінде мұндай іске балалық қызығушылықпен барғанын жеткізді", - делінген ІІД хабарламасында.

Тексеру барысында екі қыздың әлеуметтік желі арқылы танысып, бұл іске ұзақ уақыт бойы дайындалғаны анықталды. Шалғайда орналасқан дүкенді алдын-ала таңдап, түнгі уақытта қолдарына пышақ пен тас алған олар сатушыдан ақша талап етеді. Дегенмен дүкеннің иесі екі қызды ұстап алып, полицейлердің қолына тапсырған.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмағандықтан, жеткіншек қыздар ата-аналарына кепілге берілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай