Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Талғарда жасөспірімді сабап өлтіргендер 9 жылға сотталды

29 Қазан 2014, 17:24
0
Рауан Омаров. ©vk.com
Рауан Омаров. ©vk.com

Алматы облысында 14 жастағы Рауан Омаровты сабап өлтірген жігіттер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марқұмның әкесі Мұрат Омаровтың айтуынша, бес адам сотталды, алайда қылмысты жасағандардың саны бұдан екі есе көп. Сотталушылардың үшеуі денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіруге және бұзақылық жасауға айыпты деп танылып, оларға тоғыз жыл жаза берілді. Қалған екеуіне да сондай айып тағылды, бірақ олар алғашқы бап бойынша ақталып шықты, ал "Бұзақылық" бабы бойынша шартты түрде сотталды, бұлар кәмелетке толмаған болып шықты.

Омаров үкіммен келіспейді, атап айтқанда, ол төбелеске қатысушылардың кейбірінің жауапкершіліктен құтылып кеткеніне наразы. Оның айтуынша, куәгерлердің жауабына қарағанда, 14 жастағы Рауанды кәмелетке толмаған екеу де ұрып-соққан. Мұрат Омаров апелляцияға шағымданғалы отыр.

Бұл оқиға 2011 жылдың 1 мамыры күні болды, соққы жеген жасөспірім ауруханада жан тапсырды. Марқұмның әкесінің айтуына қарағанда, сол күні таңертең Рауан досымен бірге Алматыдан Талғардағы құрбысына барып, оны киноға апармақ болған. Құрбысы тұратын үйдің ауласында оларға 9-10 жігіттен тұратын топ жолығысады. Олардың арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласады. 

Баланың әкесінің айтуынша, сол жерде тұратын жігіттер Рауан мен оның досын ұрып-соғады. Олардың арасында әскерден келген сарбаз да болған. Оқиғаның салдарынан екі жасөспірім ауруханаға түседі. Бірнеше күннен соң Рауан ауруханада қайтыс болды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай