07 маусым 2019 12:17

Тараз тұрғыны граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ішкіс істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 


Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ішкіс істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Биыл 4 маусымында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізді.
Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті", - делінген хабарламада. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін осындай құбылыстардан тыс қалмауға, әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмыстылығымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети