25 желтоқсан 2019 09:12

Таразда 9 жастағы қыздың телефонын ұрлап кеткен ер адам екі сағатта табылды

© РИА Новости © РИА Новости

Тараз қаласында кәмелет жасқа толмаған 9 жастағы қыздың ұялы телефонын қолды қылған адам ұсталды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Тараз қаласында кәмелет жасқа толмаған 9 жастағы қыздың ұялы телефонын қолды қылған адам ұсталды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға 23 желтоқсанында Таразда болған. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 45 жастағы тұрғын  9 жастағы қызының қолынан Samsung Galaxy S5 маркалы ұялы телефонын белгісіз ер адамның ұрлап кеткені туралы шағымданған. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай екі сағаттың ішінде қылмысқа қатысы бар 20 жастағы тұрғын ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, телефон иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының, 1-бөлігімен (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети