28 желтоқсан 2017 09:11

Таразда әріптесіне пышақ ала жүгірген жоғары шенді экс-полицей 15 жылға сотталып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда жоғары лауазымды полицейлер Мұрат Үмбетәлиев пен Ерлан Бектұрғановтың, сондай-ақ аудандық ХҚКО басшысының қатысуымен болған оқиғаға қатысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда жоғары лауазымды полицейлер Мұрат Үмбетәлиев пен Ерлан Бектұрғановтың, сондай-ақ аудандық ХҚКО басшысының қатысуымен болған оқиғаға қатысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі 1 тармағымен (екі адамды өлтіруге оқталу) айыпталып, сотқа берілген Жамбыл облысы бойынша ІІД ЭҚКБ бұрынғы басшысы Үмбетәлиев Мұрат Ізбасарұрлы кінәлі деп танылды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ, сот тергеуі Жамбыл облысы бойынша ІІД ЭҚКБ басшысының Жамбыл облысы бойынша ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысын және Жамбыл облысы бойынша ІІД бұрынғы қызметкерін пышақпен жарақаттап өлтіруге оқталғаны анықталғаны айтылады.

Сот үкімімен Жамбыл облысы бойынша ІІД ЭҚКБ басшысы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.
Мұнымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталған ол "полиция подполковнигі" шенінен айырылды.

Үмбетәлиевтің адвокаты сот шешімімен шағым түсіретінін мәлімдеді. 

"Сот үкімімен үзілді-кесілді келіспейміз. Шешімді негізсіз әрі заңсыз деп есептейміз. Ендігіде апелляциялық және кассациялық тәртіпте шағым түсіреміз", - деді адвокат Талғат Бейісбеков. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Кейін оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев айтып берген еді. Оның мәліметінше, бұл видеода Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов және Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы М.Жетпісбаев бейнеленген. Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салған, кейін Бектұрғановты да жарақаттаған. Жетпісбаев "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Ал Бектұрғанов ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Ал кейін Желіде бұл оқиғаның видеосы пайда болды. Роликте үш ер адамның өзара жанжалдасқаны, кейін біреуінің қалған екеуге пышақ сермегені бейнеленген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети