25 тамыз 2014 16:25

Таразда әуежай құрылысынан 700 мың теңгенің кабелі ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ivtroyka.ru ©ivtroyka.ru

Таразда салынып жатқан аэробекеттен 700 мың теңгенің кабелі ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Таразда салынып жатқан аэробекеттен 700 мың теңгенің кабелі ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 101 метрлік кабель ұрлығын бір тәулік ішінде әшкереледі. Оның жалпы құны 700 мың теңгеден асады.

Көлік полицейлері Тараз қаласының тұрғынын ұстады, одан ұрланған материал табылды. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Таразда әуежайды қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылы басталды. Әуежайда ауданы 5,5 мың шаршы метр болатын жаңа терминал салынуы керек. Жұмыстар 2014 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс болған. Өткен жылдың қараша айында әуежайдың ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жобасы Мемлекет басшысына көрсетілді. Жобаның жалпы сомасы 3,4 млрд теңге болатын жеке инвестиция есебінен іске асырылатыны хабарланған еді.

Өткен жылдың қараша айында Қызылордада да кабель ұрлығы әшкереленген болатын. Тәртіп сақшылары облыстың мұнай өндіру аймағында орналасқан ұйымдардың бірінен шиналар мен кабель ұрлаған екі адамды ұстады. Компанияға келген шығын - 36,5 млн теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети