1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Таразда букмекерлік кеңсеге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

видеодан үзінді видеодан үзінді

Таразда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Қылмыс 21 қарашада таңғы 05:00-де болған. "Күмәнді" заттарды тасып жүрген ер адамды Тараз қалалық ЖБО бейнебақылау инспекторы байқаған. Осыдан кейін патрульдік экипажға осы мәліметтерді берген. 

"Мамандар дереу оқиға орнына келіп, үш жігітті ұстаған. Тексере келе 19 және 20 жастағы жігіттердің букмекерлік кеңсенің есігін бұзып, ішінен алты теледидарды алып кеткені анықталған", - делінген хабарламада.