27 маусым 2016 15:00

Таразда иттің терісін тірідей сыпырып алды делінген адамның ұялы телефоны тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таразда иттің терісін тірідей сыпырып алды делінген адамның ұялы телефоны тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін Тараз тұрғыны Ұзақбай Бақтыбай әлеуметтік желіде терісі сыпырылған иттің жантүршігерлік суретін жариялаған еді. 


Таразда иттің терісін тірідей сыпырып алды делінген адамның ұялы телефоны тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін Тараз тұрғыны Ұзақбай Бақтыбай әлеуметтік желіде терісі сыпырылған иттің жантүршігерлік суретін жариялаған еді. 

Осы дерек бойынша полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. "Біз оны шақырттық, келді, бірақ Бақтыбай жануарға қатысты оқиғаға қатысы жоқ екенін айтып отыр. Айтуынша, оған бір жыл бұрын ұялы телефонына жіберіпті, таяуда ол Вконтакте желісіне суретті салыпты. Бақтыбайтың ұялы телефоны полицияда, қазір архивті, фотолар мен видеоларды зерттеп жатырмыз", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицияның мәліметінше, суретті желіге жүктеген ер адам 24 жаста, үйленген, құрылыс компаниясында жұмыс істейді.

Ал Ұзақбай Бақтыбай болса ел тұрғындарынан қорқытып, үркіту мәніндегі сөздердің айтылып жатқанын Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. Оның айтуынша, қорлық мәндегі сөздер оның екінші ұялы телефонына келіп түсіп жатыр екен. Ол осыған байланысты полицияға хабар беріп, иттің өліміне қатысының жоқ екенін айтты. Бақтыбай суретті желіге жариялағаны үшін өкінетінін айтып отыр. Ал терісі сыпырылған иттің суретіне қатысты жазылған пікірлерін әзіл деп атады. "Мен полицияда болдым, мен ол жаққа тіпті өзім бардым. Телефонымды алып қойды, тексеріп жатыр. Бірақ мұны мен істеген жоқпын", - деді Бақтыбай. 

Еске салайық, Желіде жантүршігерлік сурет пайда болған еді. Суретте терісі сыпырылған ит бейнеленген. Жануарларды қорғау қорының қызметкерлері жауыздардың итті 15 минут бойы қорлап өлтіргенін айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети