23 қазан 2019 09:09

Таразда оқушы қызды зорлады деген күдікті Алматыда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Таразда 11 жастағы қызға зәбір көрсеткен деген күдікті Алматыда ұсталды. Әлеуметтік желіде 6-сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Таразда 11 жастағы қызға зәбір көрсеткен деген күдікті Алматыда ұсталды. Әлеуметтік желіде 6-сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға зәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Бұл жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген.

Күдікті Алматы қаласында ұсталған. 

"Биыл 21 қазанда сағат 17.00 шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған деген 36 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті ары қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін Тараз қаласына жеткізіледі", - деп жазды Жамбыл облысы ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook.kz желісіндегі парақшасында. 

Ал тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.

"Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде", - дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети