06 тамыз 2015 20:55

Таразда зорлықшыл такси қызметкеріне жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таразда адам зорлаған такси жүргізушісі 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда адам зорлаған такси жүргізушісі 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталып жатқан ер адамға қатысты іс қарауы аяқталды: "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық", "Жәбірленушіге қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылық", "Бірнеше рет қатыгездікпен жасалған жыныстық қатынасқа түсу" және "Күш көрсету арқылы жасалған тонау әрекеті".

Іс материалдары бойынша, Жамбыл облысының тумасы 2015 жылдың мамырында кәмелет жасына толмаған қыз бен оның анасын Қордайдан Алматыға әкелмек болып, оларды зорламақ болған. Өз ниетін іске асыра алмаған ол қашып кеткен.

"Сол күні түнде жолдан көлігіне қызды отырғызған ол Таразға қарай жол тартқан. Ол көлігін тоқтатып, жәбірленушіні оңдырмай ұрған, кейін бірнеше рет зорлаған. Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам жәбірленушінің ұялы телефонын, ақшасы мен затарын әкеткен", - деді сот өкілдері.

Сот оны кінәлі деп тапты. Дегенмен жәбірленушімен ымыраға келуіне байланысты ер адам ҚР ҚК 121-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық істен босатылды. Кәмелеттік жасқа толмаған адамды зорлағысы келгені үшін сот оны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. "Бірнеше рет жасалған зорлық әрекеті" бабы бойынша оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, "Жеңіл дене жарақатын салу" бабына сәйкес 180 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы кесілді. Ол 12 жыл 6 ай мерзімді темір тордың ар жағында өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети