29 желтоқсан 2015 12:05

Тайландтың түнгі клубтарында қазақстандық биші қыздар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bangkokpost.com © bangkokpost.com

Паттайада полиция Қазақстан мен Ресейден барған 25 биші қызды ұстады, - деп хабарлайды Bangkok Post.


Паттайада полиция Қазақстан мен Ресейден барған 25 биші қызды ұстады, - деп хабарлайды Bangkok Post.

Қыздар 29 желтоқсанда таңғы уаытта ұсталыпты. Тайланд полициясы биші қыздардың клубтарда ел билігі беретін еңбекке арнайы рұқсатынсыз жұмыс істегенін анықтады. Бұл жағдаяттардың адам саудасына қарсы жүргізілген рейд барысында анықталғаны айтылады.  

Қыздар Moulin Rouge және Crazy Russian Girls деген түнгі клубтардан табылған. Олар Паттайадағы Жаяу жүргіншілер көшесінде (Walking Street) орналасқан. Қыздарға заңсыз еңбек қызметі үшін айып тағылды. Оларға айыппұл салынып, отанына депортациялануы мүмкін. Сонымен қатар, түнгі клуб иелеріне басқа елдің азаматтарын заңсыз жалдау бойынша айыптар тағылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети