"Темірбанк" ғимаратындағы 37 млн теңгенің ұрлығы ашылды

22 Сәуір 2014, 11:25
0
"Темірбанк" ғимаратындағы 37 млн теңгенің ұрлығы ашылды - ©Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі
©Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі
"Темірбанк" ғимаратындағы 37 млн теңгенің ұрлығы ашылды - ©Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі
©Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі

Алматы полициясы "Темірбанктегі" 37 млн теңгеден астам қаржы ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қылмыс 2013 жылдың 22 қазанында болды. Белгісіз біреу банктің астыңғы қабатында орналасқан касса бөлмесіне терезеден кіріп, 37 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткен. "Темірбанк" АҚ-ның жоғарыда аталған әкімшілік филиалы Абай даңғылы бойында орналасқан. Жедел-іздестіру шараларының алғашқы минутында біз ұрының касса бөлмесіне кіру үшін терезенің торын күні бұрын кесіп қойғанын анықтадық. Ол адам банктің қызметтік бөлмелерінің орналасу тәртібін, ақшаны қайта есептегеннен кейін бөлмеден шығып кететін кассирлердің жұмыс кестесін жақсы білген. Фигурант теңге купюраларын ғана көздеп, санаулы минуттарда-ақ оларды қоржынына салып үлгерген. Банк қызметкерлері арасындағы адамдардың көмегі болмаса, қаскөй қаржы мекемесі қызметінің ұсақ-түйектері мен басқа да ерекшеліктері жайлы білмеген болар еді. Бұл нұсқа бастапқы жедел және тергеу шараларының негізі болды", - дейді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Полицияның мәліметінше, бұл нұсқа дұрыс болып шықты. Жедел тергеушілер банктің 1977 жылы туған қауіпсіздік қызметкерінің ісін әшкереледі, кейін 32 жастағы ұрының өзі де қолға түсті. Бұл екеуі Жамбыл облысының Шу ауданында туған жерлестер екен.

"Негізгі күдіктіні біз Шымкент қаласында қолға түсірдік. Ұрланған қаржының жартысын ол өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Ақшаның қалған бөлігі тәркіленіп, іс материалдарына қосылды. Фигуранттардың екеуінен мойындау жауаптары алынып жатыр. Қазіргі уақытта "Бөтеннің аса ірі көлемдегі мүлкін ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Зиадин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай