Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі жасар қыз өлтірілген. Басты күдікті ретінде қыздың туған әкесі, Ресей тумасы қарастырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурордың жасаған айыптау актісі бойынша 2015 жылғы қыз баланы соққыға жығып, буындырып өлтірген.
2017 жылы 27 шілдеде күдікті қызымен Теміртаудағы пәтерінде болған, ер адам ішімдік ішіп отырған. Әкесін тыңдамағаны үшін ашуға булыққан ер адам сәбиді өлтіруді ұйғарған. Сол кезде ол баланың басынан, бетінен, иығынан, іш құрылысынан және аяқ-қолдарынан ұрған. Ары қарай өзінің қылмыстық ойын іске асыру үшін қызды жерге жатқызып, мойнынан аяғымен буындырып, ауа жетпестей етіп қысқан", - делінген іс материалында.
Сот-медициналық сараптамасы бойынша, нәресте механикалық асфиксиядан, яғни буындырып өлтірілгені анықталды.
"Іс бізге таяуда ғана түсті және судья Исламхан Есенбаевқа берілді. Іс бойынша алдын ала тыңдалым тағайындалды", - деді сот баспасөз қызметіндегілер.