14 қыркүйек 2019 | 10:59

Теміртауда полиция бөлімшесіне қарама-қарсы үйде жантүршігерлік оқиға болды

Теміртауда Республика даңғылының бойындағы үйлердің бірінде 32 жастағы әйелді бауыздап өлтірген, - деп хабарлайды "Криминальные новости" газеті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда Республика даңғылының бойындағы үйлердің бірінде 32 жастағы әйелді бауыздап өлтірген, - деп хабарлайды "Криминальные новости" газеті. 

Жантүршігерлік оқиға 31 тамызда болған. Оқиға Ескіқала полиция бөлімшесіне қарама-қарсы үйде болған. 

Реклама
Реклама

Сол күні, жалға берілетін пәтерде үш әйел мен бір 40 жастағы ер адам көңіл көтеріп отырған. Олар ішімдік ішіп, би билеп, ешкімді мазаламаған. 

Бір сәтте ер адам әжетханаға шыққан, ұзақ уақыт келмей қойған. Оның артынша тағы екі әйел барған. Үшеуі немен айналысқаны белгісіз. Біршама уақыт өткенде, әйелдің бірі қолына қанға боялған ас бөлмелік пышақты ұстап шыққан. 

"Мені тыныштық қорқытты, олар Люданы үнсіз өлтірді. Менің ойымша, Сергей оның ауызын жауып тұрды, осы кезде Лида оны бауыздаған... Мұндайдың болуына ешқандай себеп болмады... Барлығымыз билеп жүрдік..."- дейді үшінші әйел. 

Қазіргі уақытта екі адам кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная