Теміртауда студенттер дүңгіршек сатушысын зорлап, тонап кеткен

25 Қыркүйек 2017, 15:20
0
Теміртауда студенттер дүңгіршек сатушысын зорлап, тонап кеткен - © pixabay.com
© pixabay.com

Теміртауда екі студент (біреуі кәмелетке толмаған) 29 жастағы сатушы әйелді зорлап, дүңгіршектен 20 мың теңге ұрлап кетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 қыркүйекте таңғы уақытта болған. 17 және 19 жастағы студенттер 24 сағат бойы жұмыс істейтін дүңгіршекті тонап кеткен.

Полицияның мәліметінше, студенттер сатушыны қорқытып, артынша зорлаған. Кейіннен кассадағы 20 мың теңгені алып кеткен.

"29 жастағы сатушыға сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттерін қолданып, дүңгіршектен қаражат пен тауарларды ұрлап кеткен теміртаулық екі тұрғын ұсталды. 23 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы колледждердің бірінің 17 және 19 жастағы студенттері ұсталды. Олар 18 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 06.00-де осы қылмысты жасағанын мойындады", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, күдіктілер өздерімен бірге Nokia маркалы ұялы телефоны мен тауарларды алып кеткен. Сатушы полицияға хабар беріп, олар күдіктілерді ұстай алған. Олардан заттай дәлелдердің барлығы тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай