Теміртаудағы түнгі клубта кісі өлімімен аяқталған оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

06 Сәуір 2015, 06:16
0
Теміртаудағы түнгі клубта кісі өлімімен аяқталған оқиғаның жай-жапсары белгілі болды - Клубтың "Вконтакте" желісіндегі сурет
Клубтың "Вконтакте" желісіндегі сурет

Теміртау қаласындағы Silver Ice түнгі клубында болған атыс дерегінің жай-жапсары белгілі болды. Клубқа кіре алмаған келуші травмат қаруымен ата бастаған, ал оның танысы шолақ мылтықпен оқ атқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне көңіл көтеру мекемесінің аты-жөнін көрсетпеген өкілі.  

"Біздің күзетімізде лайықты оқудан өткен адамдар жұмыс істейді. Бұл - мамандандырылған күзет, көшеден келген балалар емес", - деді түнгі клубтың өкілі. - Бізде өте қатал фейсбақылау, сондықтан клубқа көп адамдарды кіргізе бермейміз. Келгендер жақсы адам бола қоймаған шығар, оларға кіруге тыйым салынды".

Келушілердің бірі травмат тапаншасымен ата бастады, оның салдарынан, Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, күзетшінің жарақат алғаны белгілі болды.  

Куәгерлердің айтуынша, тағы бір келуші шолақ мылтықпен оқ ата бастаған. Бытыралы оқ 1978 жылғы ер азаматтың кеудесіне тиіп, ол ауруханада қайтыс болды. 

Куәгерлер клубқа кіре алмаған жігіттердің администратор әйелді тапаншамен қорқыта бастағанын айтады. Оларды күзетші тоқтатқысы келеді, бірақ оның аяғы жарақаттанады.

"Күзетшінің аяғынан оқ атылған. Ол ауруханаға жатпады, жарақатымен клубқа келді", - деді Silver Ice клубының өкілі. 

Еске салайық, клубтың күзетшілері мен келушілерінің арасындағы оқиға 5 сәуірге қараған түні болды. Осы дерекке сәйкес "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай