30 қаңтар 2017 16:48

Топ адамнан зорланған Жібек Мусина сотталғандарға қатысты жазаны қатаңдатуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облысындағы Есік қаласында бір топ адамнан зорланған Жібек Мусина апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Алматы облысындағы Есік қаласында бір топ адамнан зорланған Жібек Мусина апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкіміне сотталушылардың бірінің қоғамдық қорғаушысы, сотталушылардың адвокаттары және зардап шеккен Жібек Мусинадан апелляциялық шағым түсті", - деп хабарлады облыстық соттағылар. Айта кетейік, апелляциялық инстанцияның отырысы 14 ақпанға белгіленді.

Сондай-ақ, Жібек Мусинаның шағым түсіргенін адвокат Айман Омарова растады.

"Негізінде біз сот әділ шешім қабылдады деп санаймыз, себебі барлығы заңды түрде болды. Бірақ соттың жазаны ауырлататын негіздерді ескермеген сәттері болды. Сондықтан да біз оларға тағы да біраз мерзім қосуын сұрадық", - деді адвокат Айман Омарова. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 28 қарашасында Еңбекшіқазақ аудандық соты Жібек Мусинаға қатысты сот үкімін шығарған болатын. Осы іс бойынша 4 ер адам сотталған еді. Олар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Былтыр тамыз айында Есік қаласының тұрғыны өз қызын төрт жігіттің зорлап кеткенін хабарлаған болатын. Әйелдің айтуынша, оның қызы 14 тамызға қараған түні зорлық көрген. Кейін 22-29 жас арасындағы төрт адам ұсталып, олар адам зорлау, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері және бұзақылық баптары бойынша сотталды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети