Түнгі клубтағы төбелес: Айыпталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

27 Маусым 2015, 09:52
0
Түнгі клубтағы төбелес: Айыпталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Чукотка" түнгі клубындағы төбелес ісі бойынша айыпталып отырған Александр Кузнецов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алматыдағы Медеу аудандық сотында тараптардың жауаптары тыңдалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV .

Мемлекеттік айыптаушы Александр Кузнецовты "Абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, оны 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды, кінәсін жалпы режимдегі түрмеде өтеуін сұрады. Дегенмен, жәбірленуші тараптың адвокаты Кузнецовқа тағылған айыпты "Қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру" бабына ауыстырып, тергеуге қайта жіберуді сұрады.

Жәбірленуші тарап айыпталушының төбелеспей, өз күшін сақтап қалуға мүмкіндігі болды деп есептейді. Ал айыпталушы болса өз кінәсін мойындамайтынын, қылмыстық тергеуді тоқтатуларын сұрады. Отырыста жәбірленуші тарап материалдық және моральдық шығынның өтелуін талап етті. "Біз жерлеу рәсіміне кеткен 1,5 миллион материалдық шығынды және 18 миллион теңге моральдық шығын талап етеміз. Бірден емес, екі қызына айына 50 мың теңгеден салып отыруы керек. (...) Сонымен қатар, екі пәтер сұраймыз, біреуі оның екі қызына, біреуі ата-анасына", - деді қаза тапқан адамның ағасы Дәулет Мұратқалиев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай