Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Тұрғын үй басқармасының жалған қызметкері пәтерлерді "жалға берген"

10 Қыркүйек 2014, 17:38
0
Фото gubdaily.ru сайтынан алынды
Фото gubdaily.ru сайтынан алынды

Астанада алаяқ "Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кабинетін жалға алып, әлі адамдар қоныстанбаған көппәтерлі үйлерден жалдамалы баспана ұсынған. Бұл туралы қалалық ІІД Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Серік Ыбыраев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Теріс ниеттілер жалдамалы пәтер іздеп жүрген адамдардың сеніміне кіріп, тіпті өздерін сол мүліктің иесі ретінде көрсетіп, өздеріне тиесілі емес тұрғын үйлерді басқа біреулерге жалға беріп келген. (...) Биыл Астанада алаяқтық жолмен жалдамалы үйлерді пайдалануға беріп келген қылмыстық топ анықталды. Олар былай әрекет етіп келген: Нарғамбетова Астана қалалық тұрғын үй басқармасының 09 кабинетін жалға алып, өзін жоғарыда көрсетілген мекеменің қызметкері ретінде көрсеткен. Азаматтар басқармаға келген кезде ол оларды өз кабинетіне алдап кіргізіп, мәселелерінің тез шешілуін сылтау етіп, белгіленген төлемге үй алып беру үшін өзінің қызметін ұсынған. Тіпті кезекті жылжытып беремін, үй беруге қатысты сұранымды оң шешіп беремін деп алдаған", - дейді Ыбыраев.  

"Астыртын көмек берушілер арқылы ол әлі адамдар қоныстанбаған көп петерлі тұрғын үйлерді заңсыз ұсынған. Қазіргі таңда 30-дан аса адам олардың алдауына түсіп отыр.  Бұл қылмыстық топқа қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда", - дейді Ыбыраев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай