Түркістан облысында алты секс-притон әшкере болды

24 Қыркүйек, 10:36
0
Түркістан облысында алты секс-притон әшкере болды - Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен
Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен

Түркістан облысында алты жеңгетайлық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер жеңгетайлар мен притондар жұмысын ұйымдастырушыларды қонақүй, сауна және моншаларды тексеру кезінде анықтады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары интернет-сайттарды тексерді. 

Осылайша, притон ұйымдастыру күдігімін Сарыағаш қаласының тұрғыны ұсталды. Жергілікті қонақүй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан, ол келушілерге қосымша ақы үшін осындай қызмет түрін ұсынатын болған. Ұсталған адамнан ақша мен басқа да заттай деректер тәркіленді. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша іс қозғалды. Полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 5 адамды және жеңіл жүрісті 12 қызды тіркеуге алды. 

Осыған дейін, Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істегені анықталды. Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай