17 қыркүйек 2019 14:50

Түркістан облысында жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысында жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

12 қыркүйекте таңғы уақытта полицияға ауруханадан қоңырау шалып, оларға оқ жарақатын алған жігіттің түскенін айтқан. 

"Күдіктінің кім екенін және ұстауға үш тәулік кетті. Осы уақыт ішінде жедел трегеу шаралары барысында, күдіктімен қаза болған жігіттің байланысын, басқа да таныстарын, куәгерлерін анықтады", - деді облыстық ПД өкілдері. 

Полицейлер күдіктілерді Шымкентте ұстады, олардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны, екіншісі Қазығұрт ауданының тұрғыны. Олардан шолақ мылтық тәркіленді. Сараптама тағайындалды. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың мотивін анықтап жатыр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети