21 қазан 2019 10:44

Түркістан облысында қаруланған екі адам 40 секундта жанармай бекетін тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірін ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірін ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Сайрам ауданындағы полиция бөліміне таңғы 5:45 шамасында жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түседі. Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері мен Сайрам аудандық тәртіп сақшылары бірден бағыт алып, оқиға орын алған жерге аттанады. Полицейлер аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді", - делінген хабарламада. 

Жанармай бекетіне бірінің қолында екі ауыздық мылтық, ал екіншісінің қолында газ баллоны бар белгісіз екі тұлға баса көктеп кіріп, небәрі 40 секунд ішінде қарақшылық шабуыл әрекетін жасаған.

"Сол сәтте аталған орында жанармай бекетінің 3 қызметкері болған. Осылайша күдіктілердің бірі оператордың бетіне газ баллонды шашып, күзетшіге мылтық кезеп, кассир қызды қорқытып кассадағы 166 мың теңгені жымқырып кеткен. Ақшаны қолға оңай түсірген күдіктілер бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге бой тасалап үлгерген", - делінген хабарламада. 

КПБ қызметкерлері мен Сайрам ауданының полицейлері қылмыскерлердің ізіне түсіп, нәтижесінде күдіктінің бірін қолға түсірді.

"Қылмыс таң сәріде болғандықтан көрген білген куәгерлер жоқ. Оған қоса күдіктілер жедел қимылдап, қылмыстарын небары 40 секунд ішінде жасап үлгерген. Біз олардың әрекеттерін топшылай келе, алдын ала сөз байласып, жоспар бойынша жасаулары да мүмкін деп отырмыз. Сондықтан бүгінгі таңда біздің жедел уәкілдер қылмыскерлерді құрықтаудың түрлі жолдарын іске асыруда. Қылмысты ашу барысында үш күдіктінің де жергілікті тұрғын екендігін және бірінің бұрын соңды сотты болғандығын анықтадық. Іздестіру мен тергеу амалдарын одан әрі қарай жалғастыра беретін боламыз", - дейді, Түркістан облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети