22 тамыз 2019 17:11

Түркістан облысының екі тұрғыны үйдің қақпасын ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның қақпасын ұрлаған күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысының полицейлері тұрғынның қақпасын ұрлаған күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласының жергілікті тұрғыны өз үйінің аймағына қарайтын учаскелік полиция инспекторына арызданып, ешкім тұрмайтын, бірақ апта сайын барып, көріп тұратын екінші үйінің қақпасын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелген.

"Ұрлық дерегін ізін суытпай ашу мақсатында аудандық полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шаралары іске асты. Жақын аралықтағы темір алып-сататын орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Арыс қаласында темір сатып алатын орындардің бірінен жоғалған қақпа табылып, оның бұл жерге қалай келгені анықталды. Анықталғандай күдікті, жәбірленуші әйелдің үйінде ешкім тұмайтынын біліп, "үйімнен қақпаны алып қайтайық деп, өтірік айтып" көлік жалдап, көлік жүргізушісінен көмек сұрап, екеулеп алып кеткен болып шықты", - делінген ПД хабарламасында.

Сатып алушының айтуы бойынша, күдіктінің жеке басы анықталып, мекенжайы белгілі болды. Осылайша, полицейлердің қырағылығының арқасында 2 күн ішінде жергілікті тұрғын яғни күдікті өз үйінде ұсталған. Ол өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат ретінде қақпа алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қажетті құжаттар жинақталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети