24 қаңтар 2018 09:26

Түркістанда ата-анасының жалақысын алуға кеткен бойжеткен өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kh.vgorode.ua - Vgorode © kh.vgorode.ua - Vgorode

Түркістанда іздестіріліп жатқан азаматшаны өзін таксист ретінде таныстырған жігіт айуандықпен өлтірген. Марқұмның туыстары осылай мәлімдеп, күдіктіні үш бірдей қылмыстық іс бойынша жауапқа тартуды талап етті. Бұл туралы Отырар.kz хабарлады.


Түркістанда іздестіріліп жатқан азаматшаны өзін таксист ретінде таныстырған жігіт айуандықпен өлтірген. Марқұмның туыстары осылай мәлімдеп, күдіктіні үш бірдей қылмыстық іс бойынша жауапқа тартуды талап етті. Бұл туралы Отырар.kz хабарлады.

Жұмабековтер отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Екі апта бұрын үйінен аман есен шығып кеткен қыздарының өлі денесін тауып, жер қойнына тапсырған. Сұмдық жағдай, осыдан екі апта бұрын болған. Қыздары Айгерім Тасболатова Түркістандағы орталықта орналасқан банкоматтан анасы мен әкесінің жалақысын алған екен. Мұны байқаған қаскөй қомақты қаржы алған азаматшаны көлігіне алдап мінгізіп, көпшіліктен тыс жерде оны қинап өлтіріпті.

"Денесін Достық ауылының шетінен тапқан. Қызымның мәйітін өзім көрдім. Айуандықпен ұрып өлтірген. Адамшошырлық күйде. Бет аузы көгеріп кеткен. Қызымды әрең дегенде таныдым. Бет әлпеті мүлдем көрінбейді", - дейді марқұмның әкесі Жақсылық Жұмабеков.

Басылым мәліметінше, Айгерім Тасболатоваға туысқандары осы жылдың алтыншы қаңтары күні іздеу салған. ІІБ арызданып, тіпті прокуратура қызметкерлерінен көмек сұрапты. Арада бір жеті өткенде полицейлер Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінен қыздың ұялы телефонын табады. Сөйтсе телефонды сатушыға таксист жігіт арзан бағаға сатып кеткен екен. Бірақ сатушы Айгерімнің ұялы телефонын ұстап жүрген жігітті суретке түсіріп алған. Осы суреттің арқасында қанды қылмыс жасады деген күдікті бірден ұсталып, қамауға алынған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бойжеткенді айуандықпен өлтірді деген азамат екі аптадан кейін қылмысын мойындап, мәйітті өзі тауып берген. Мұны құзырлы орган өкілдері де растап отыр.

"Сараптама тағайындалды. Осы іс бойынша 1992 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Марқұм қыздың ата-анасы 11 қаңтар күні арызданған. Ал күдіктінің өзі екі аптадан кейін ұсталып отыр", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.

Жұмабековтар отбасы қыздарын өлтірген азамат заң алдында бірнеше іс бойынша жауап берсін деп талап етуде. Өйткені күдікті қыздың ұялы телефоны мен ақшасын қолды етіп, кейін оны зорлап өлтірді дейді. Бірақ бойжеткеннің зорлық көргенін растау үшін сараптама жұмыстарының қорытындысы қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети