06 қыркүйек 2018 09:24

Түркістанда тапа-тал түсте кесене маңында қыз зорламақ болғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болды. Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында болды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болды. Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында болды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Жергілікті ішкі істер департаментінің мәліметінше, қаскөй алдымен кесене маңында қыздың телефонын тартып алған. Бағалы затын қайтарып алмақ болып, артынан қуа жөнелгенде көзден таса жерге сүйреп апарып, аяусыз ұрып-соққан. Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен.

Қазір жәбірленуші қалалық аурухананың жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың ми жарақатын алғанын айтып отыр.

"Түркістан қаласында орналасқан ЖОО-ның бірінің студенті анықталды. Қыз өзінің арызында белгісіз тұлға өзін зорламақшы болғанын көрсеткен. Бұл жәйт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасында "зорлауға оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы күдікті азаматтың кім екенін анықтады. Ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети