Түркістанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kp.ru сайтынан алынған Фото kp.ru сайтынан алынған

Түркістан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ұсталған азаматтың 5 аса ауыр қылмысты жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде "Бас бостандығынан заңсыз айыру", "Өкімет өкіліне қарсы тұру" және "Автокөлікті айдап кету" қылмыстары бар. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ұсталған азаматтың 5 аса ауыр қылмысты жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде "Бас бостандығынан заңсыз айыру", "Өкімет өкіліне қарсы тұру" және "Автокөлікті айдап кету" қылмыстары бар. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ішкі істер министрлігінің арнайы есебінде тұрған 1988 жылғы азаматты ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі деген күдікпен Түркістан көшелерінің бірінде жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады. Бірақ ол полиция қызметкерлеріне бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді.

"Күдіктіні ұстау барысында, күдікті полиция қызметкеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Ол полиция қызметкерін соққыға жығып, ВМW-525 маркалы автокөлігімен белгісіз бағытқа қашып кетуге әрекет жасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдіктіні тінту барысында одан "Страж" тапаншасы мен оның оқтары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, оның басқаруында болған ВМW-525 маркалы автокөлігінің облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының меншігі екені анықталды, ол көлік 2014 жылдың қазан айынан бастап айдап әкетілген автокөліктердің тізімінде тұрған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы ("Автокөлік құралын айдап кету") бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда күдікті Түркістандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer