19 қаңтар 2020 | 15:18

Туыстарын өлтіремін деп қорқытқан жігітті тоқтатпақ болған полицей қаза тапты

Сурет Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінен

Туыстарын өлтіремін деп қорқытқан жігітті тоқтатпақ болған полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Туыстарын өлтіремін деп қорқытқан жігітті тоқтатпақ болған полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған. Патрульдік полиция экипажы отбасылық жанжалға байланысты түскен қоңырау бойынша барған.  Бұзақыны ұстау кезінде полицей кеуде тұсына ауыр жарақат алып, қайтыс болған. 

Реклама
Реклама

Қайтыс болған полицейдің есімі - Дархан Базарбаев. Ол әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге мекен-жайға алты минутта жеткен. Тобыл қаласындағы екіпәтерлі үйдің бір бөлігінде бұрындары сотталған 28 жастағы жігіт тұрған, ал екінші жартысында оның әпкесі күйеуімен және баласымен тұрған. Мас күйде бұзақы оларды өлтіремін деп қорқытқан. Ол пышаққа жүгірген уақытта, туыстары есікті жауып, полицияға қоңырау шалған. Дархан Сыздықов бұзақыны қарусыздандырған, алайда өзі жарақат алғанын білмей қалған. Бұзақының туыстары қауіпсіз екеніне көз жеткізген уақытта ғана, ол өзінің жарақатына назар аударған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1995 жылғы сержанттың қайтыс болғанын айтқан. Полицейдің төрт айлық баласы қалды. 

"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр. Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қайғылы өліміне байланысты аза тұтып жатыр", - делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная